Ауған кеңес әскері. 2022-2023 оқу жылы » Жамбыл атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2023

Ауған кеңес әскері. 2022-2023 оқу жылы

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші


Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері.

Барысы:

1 - жүргізуші

- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!  10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған...» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Өткенін ескермеген өшеді,

Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!

1 – жүргізуші:

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық :

2 - жүргізуші

- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

1 - жүргізуші

Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.

Статистикаға сүйенсек:

10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.

Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Панфилов ауданынан 534 сарбаз қатысып, оның 1 - і хабарсыз кетті, ал 14 - сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді  және осы мектебіміздің түлегі Қабиев Әнуар Сманғалиұлын орнымыздан тұрып еске алайық:

Еске алу (1 мин үнсіздік)

2 - жүргізуші

Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.

Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Тұңғыш президентіміз  Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.

Бейне баян:

Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

 «Ауған соғысы» туралы бейнебаяннан үзінді көріңіздер

1 - жүргізуші:

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.

1 – жүргізуші (Сұрақ)

  • Талғат аға соғысқа барып Отан алдындағы өз борыштарыңызды атқардыңыздар, кейін сол соғыс туралы зерттегенде шығарсыздар. Соғыс оты неден тұтанды?
  • Ауған соғысының қай кезеңінде Жауынгерлік борыштарыңызы атқардыңыздар?
  • Ауған жеріне баратындарыңызды қалай басшылық қалай жеткізді және «соғыс» дегенде қандай сезімде болдыңдар?
  • Ауғаныстан халқы сіздерді қалай қарсы алды? 
  • -Жанат апай Әнуар ағаның мінезі қандай еді? 
  • -Итерноциалист жауынгер Әнуар ағамен таныстықтарыңыз қалай басталды ?


2 - жүргізуші:

КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Тұңғыш Президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.

«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді.  Тұңғыш Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.


Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді тыңдаңыздар. (Күй орындалып тұрады.) Талант  10 сынып.


«Жауынгер хаты» (авторы М. Сергеев.)

Бауырым, бұл хатымды аласың ба?

Ауғанның тауларының арасында,

Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,


Жатырмыз ессіз - түссіз жар астында.

Қоршаудамыз, барады айдан асып,

Анталаған жаулармен тайталасып,

Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,


Шер - қайғыңды енді кімге айта аларсың?

Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,

Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.

Түн ортасы басталар қанды қырғын,


Жарылыстан - жарылыс – күл боп ұшқан.

Күні өтеді осылай жастығымның,

Жолдасымның естідім ақтық үнін.

Қансырады, құлады командирім,


Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.

Күліп жатты жалғанның барлығына,

Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!

Көтергенмен рухын жауынгердің,


Іште қалды - ау өкпесі тағдырына!

Басқа салды, біз көндік, амал қанша?

Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.

Қай бұрышта қалады бас домалап,


Алла білер, жортатын сапар қанша?

Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,

Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,

Бауырым, дән риза мен болар едім,


Осы хатым еліме барып жетсе!

Түсімізге енеді ақ қорымдар,

Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.

Бәрімізде бір арман қоршаудағы;

1.Досжан: Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар


1 - жүргізуші: Панфилов ауданынан  қатысып қаза тапқан  Ауған соғысының ардагерлері:


(Екі жүргізуші барлық Ауған соғысының ардагерлерін кезек кезек тізіп айтып шығады)


«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!


Ендігі сөз кезегі алып бәйтерек, ауданымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының ардагерлеріне беріледі 


Сұхбаттасу

Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар, олай болса кезекті оқушыларға берейік. Оқушылардың сұрағы:

  • Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
  • Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
  •  Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?
  • Сіздерге үкімет  тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?
  •  Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білесіз бе, 
  • соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?
  • Қазіргі бейбіт заман жастарынан  қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
  • Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
  •  «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
  • Сіздер білетін Әнуар аға қандай болды ?

Ойын: «Бетпе-бет ұрыс»

  Екі топ бір –біріне сұрақ қою арқылы ұрысқа түседі. Сұраққа жауап бере алмаған сарбаз, яғни топ мүшесі қарсылас команда құрамына өтеді .Нәтижесінде қай топта адам саны көп сол топ жеңіске жетеді. Ойыншы қарсылас топтан өзі таңдаған бір адамға ғана сұрақ қоя алады.

Шақыру участькісіне тіркелу куәлігін беру рәсімі:

2 - жүргізуші

Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер.-дей отырып , ардагерлерімізден отан қорғайтын болашақ сарбаздарымызға  «Шақыру участькісіне тіркелу куәлігін» табыстауын сұраймыз. 

Көремендер сұрақтары.

Ардагерден насихат. 

1 - жүргізуші:

- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.



2 - жүргізуші

Ерлік - елдің туы. Ер қуаты - қару болса, ел - қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.

Олай болса «Мен қазақтың баласы» -әнін  бәріміз бірге орындайық ,экранға назар аударуларыңызды сұраймыз. 


1 - жүргізуші

Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директорына  береміз.

2 - жүргізуші:

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.

Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.