Курсантпен кездесу. 2022-2023 оқу жылы » Жамбыл атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2023

Курсантпен кездесу. 2022-2023 оқу жылы

                               Бекітемін

Мектеп директоры:               Г.Н.Нусыпкожаева

                                                                                                                                   15.01.2020.

 «Әскери мамандық-мақтаныш» атты курсантпен кездесу кеші

Мақсаты: Оқушыларды әскери оқуларға қызықтыру және түсуге ықпал ету.

Курсант пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып сырласу, әр курсанттың қызықты да, қиын күндерін тыңдап, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Барысы:

1 Кешті ашу.

2. Таныстыру.

3. Ойын

4.Сыр — сұхбат

5. Әскери оқуларға шолу

6.Тілектер шоғы.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары – курсант  жастар!

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
 Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Осындай талаптарды қажет ететін ерекше мамандық бұл -  әскери қызметші. Әскери қызмет қиын мамандықтардың бірі болғанымен шытырман оқиғаларға толы қызықты кәсіп. Табиғаттың  суығы мен ыстығына қарамастан халқыңнын хамы үшін түн ұйқыңды төрт бөліп қызмет атқарып ұйқың қанбай жүрсе, кейде, әскери техникалардың ортасында, қолыңдағы соңғы үлгідегі  атыс қаруымен шіреніп нысанаға атқылап жатқанда бала кезіңдегі арманың орындалғандай сезімде боласың. Міне, сондай арманның жетегінде жүріп әскери мамандықтың әліппесін үйреніп жүрген курсанттар бүгін біздің ортамызда.   


2-жүргізуші: Курсанттар – ақ арман арқалаған,

Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.

Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,

Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!


1-жүргізуші: Курсанттар – көкке қанат сермегендер,

Ауылға сағынысып келген едіңдер.

Курсанттар – кешінде сырласайық,

Болашақтың бастауы сендер едіңдер!


2-жүргізуші: Міне, осындай өмірді кешкен жандар,

Өмірін өз Отанына арнағандар

Генерал, полковник, майор болып

Өз Отанына қызмет етуді ойлағандар


Ұрпағы, ұландары текті жердің,
 Қашанда болмысыңа сүйінемін
 Кешегі Қабанбайда да, Бөгенбайда да,
 Шығады өздеріңнен деп білемін


Бүгінгі іс-шарамыздың себепкері болып отырған, кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі курсант, болашақ қолбасшыларымызды таныстырып өтейік.
 (Музыка ойнайды).

Олар: Батырғали Мадияр, Сатыпалды Ұлан.


 «Сыр сұхбат» бөлімі. 

Бір жігіт, білім іздеп қыр асады,
 Айбынды әскерде, оның болашағы.
 Оқуда курсант болып сусындап,
 Өмірге офицер шеніменжол ашады 

демекші, бүгінгі курсант, ертеңгі офицерлер сіздерге сөз кезегін берсек.Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.

(Курсанттарға сөз кезегі барлығына)

2-жүргізуші: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,

Түседі естеріңе қызықты кез.

Сағыныш бойды билеп келгендерге,

Мектептің есіктері ашық әр кез.

1-жүргізуші: Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн,

Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.

Сырласып отырайық, ән салайық.

Мауқымыз басылғанша осы бір күн. Келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Рота подём»   орындайтын: 8-сынып ұлдары

«Сыр сұхбат» бөлімі. 

2-жүргізуші: Әскери білім . (слайд)

Таныстыратын Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Дулат Қалибекұлы

1-жүргізуші: Біліммен көркейтіп елімізді,

Танытып азаматтық тегіңізді.

Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,

Тыңдалық сіздің де ыстық лебіңізді.

2-жүргізуші: Көрермендер әзіл де бар бойында,

Бір ғажайып қызық бізде ойын бар.

Шақырамыз ортамызға келіңіз,

Атсалысып бұған да ден қойыңыз.

1-жүргізуші: Ойын: «Менің сүйікті мамандығым».


2-жүргізуші: Ән басталса қалайша жанбас халық,

Тыңдауға бар түн бойы таң жастанып.

Ұйып қалар табиғат оянбастай,

Кеткен кезде керемет ән басталып, демекші келесі кезекті әнге береміз.

Ән: «Мен қазақпын» 

 «Тілектер шоғы».

1-жүргізуші: Ұстаздар оқушыға басын иген,

Кей кезде тіпті оған кішірейген.

«Сыйға сый, сыраға -бал» деген сөздің,

Болмас ережесін бұза білген.

Өйткен, ұстаз – ана, ұстаз – дара 

Мамандық ол ерекше, жеке – дара  деп, сөз кезегін ұстаздарға береміз.

Қорытынды:

2-жүргізуші: Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың белесі,

Өздеріңмен биік қой елдің еңсесі.

Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал сынынан,

Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан күресі!

1-жүргізуші: Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,

Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.

Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,

Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін!

2-жүргізуші: Осымен курсанттармен кездесу кешін ақтаймыз. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!



АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы:                 Д.Қарамысов





«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















«Әскери мамандық-мақтаныш»

атты курсанттармен кездесу кеші


АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Д.Карамысов