Нұрбек Мақпал Батырханқызы - психолог » Жамбыл атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нұрбек Мақпал Батырханқызы - психолог
06
сентябрь
2023

Нұрбек Мақпал Батырханқызы - психолог

Мен,Нұрбек Мақпал Батырханқызы   19.06.1996 жылы Алматы облысы  Панфилов ауданы Ақжазық ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ.
2003 жылы Жамбыл атындағы орта мектептің табалдырығын аттадым. 2014 жылы мектепті аяқтадым.  2014 жылы Алматы полиграфия колледжіне оқуға түсіп, 2015 жылы мамыр айында оқуды аяқтадым. 2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне түсіп, 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқуды аяқтадым. 
2022 жылы ақпан айының 1-ші жұлдызында «Жастар практикасы» бойынша «Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын оралығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылданып, 2023 жылы кыркүйек айында осы мектепке лаборант болып тұрақты жұмысқа орналастым. Қазіргі уақытта  уақытша педагог-психолог болып жұмыс атқарып жатырмын. 
Отбасы жағдайым-үйленгем. 2016 жылы отбасын құрдым. Жұбайым: Уәли Ерболат Сайлауұлы 1994 жылы желтоқсан айының 20 сы күні Ақжазық ауылында дүниеге келді. 
Ұлым Сайлау Серіәлі Ерболатұлы 15.01.2018 жылы дүниеге келді. 2023 жылы «Жамбыл атындағы орта мектеп МДШО» КММ даярлық сыныбында оқиды.
Ұлым Сайлау Ералы Ерболатұлы 24.06.2019 жылы және кіші ұлым  Сайлау Ерхан Ерболатұлы 22.06.2021 жылы дүниеге келген. Екеуі де Ақжазық ауылында «Бастау» шағын орталығында балабақшада тәрбиеленіп жатыр.