Баланың ойлау қабілетін арттыру, ұсақ моторикасын дамыту мақсатында мектеп дефектологы Сүлеймен Айдана Ерланқызы маймылға банан беру әдіс - тәсілімен жұмыс жүргізді.
Педагог - психолог Смагулова Аида Сауелханқызы “The Application of Digital Platforms in Learning English Language” аудандық семинарына келген қонақтарға көңілді тренинг ұйымдастырды.
Тарих пәнінің мұғалімі Мустапаева Зәмзәгүл Қабиқызы 10- сынып оқушыларымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай "Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар ақынның өмірі мен өнеріне тоқталып, ақынды еске алды.
Тарих пәнінің мұғалімі Султанаева Салтанат химия, биология, география, тарих пәндер бірлестігі онкүндігінің жоспарына сәйкес, 5 - сыныппен ашық сабақ өткізді.